Измирде 33 босқын құтқарылды

Измирдің Урла ауданы су айдынында 33 босқын құтқарылды.

1733014
Измирде 33 босқын құтқарылды

Измирдің Урла ауданы су айдынында Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 33 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары Урла ауданы маңында үрлемелі қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 33 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар