Президент Ердоған көшет отырғызу рәсіміне қатысты

Ердоған: "Нысанамыз 2023 жылдың соңына дейін отырғызылатын көшет санын 7 миллиардқа жеткізу".

1732727
Президент Ердоған көшет отырғызу рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған 2023 жылдың соңына дейін отырғызылатын көшет санын 7 миллиардқа жеткізуді мақсат еткендерін білдірді.

Бас қала Анкарада Бештепедегі 15 шілде Демократия мұражайы Ұлт орманында «Ұлттық орман өсіру күніне» арналған көшет отырғызу рәсіміне қатысқан Ердоған осында үн қатты.

Орман байлығын арттыру тақырыбында әрқашан алдыңғы сапта орын алатындарын айтқан Ердоған одан жасыл бір Түркия мақсатымен республика тарихындағы ең үлкен орман өсіру науқанын жүргізіп жатқандарын мәлімдеді.

Ердоған «Нысанамыз 2023 жылдың соңына дейін отырғызылатын көшет санын 7 миллиардқа, еліміздегі орман қорының үштен біріне жеткізу» деді.

Эрозиямен жоғалтқан жер көлемінің 154 миллион тоннаға дейін азайғанын, енді жыл сайын Кипр аралы үлкендігінде бір жердің жоғалтылмағанын атап көрсеткен Ердоған «Біз орман өрттеріне қарсы халықаралық деңгейде мықты ынтымақтастықтар орнатуымыз керек. Нысанамыз 1 жылдың ішінде өрт зиян келтірген аумақтарды көшет отырғызу арқылы қалпына келтіру. ‘Болашаққа тыныс’ акциясымен 252 миллион көшетті жыл соңына дейін отырғызамыз» деді.

Президент келесі жылдың соңына дейін 81 қалада 81 ұлттық орман құрып, барлық азаматтардың осы қызметті пайдалануын қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Ердоған «Біз әлеуетімізді дамытуға және климат өзгерісінің әсеріне қарсы орман шаруашылығы ұйымын нығайтуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар