Қызыл категорияда іздеу салынған террорист залалсыздандырылды

Бір террорист өздігінен берілді.

1732087
Қызыл категорияда іздеу салынған террорист залалсыздандырылды

Қызыл категорияда іздеу салынған сепаратистік террорлық ұйым PKK ұйымына мүше террорист Ирактың солтүстігінде залалсыздандырылды.

Ұлттық Барлау ұйымы мен Түрік Қарулы күштері Ирактың солтүстігінде террорлық ұйымға қарсы операция жүргізді.

Операцияда террорлық ұйым PKK/KCK-ның қызыл категорияда іздеу салынған орталық комитет мүшесі Назлы Ташпынар Ирактың Гара аймағында залалсыздандырылды.

Сонымен қатар террорлық ұйымдағы ыдырау процесі жалғасып жатыр.

Қауіпсіздік күштерінің табанды операциялары және табысты істері нәтижесінде Ағры қаласы Жандармерия қолбасшылығының көндіру жұмыстары шеңберінде бір террорист Шырнакта өздігінен берілді.



Ұқсас жаңалықтар