Шентоп ЕҚЫҰ ПА төрайымымен бас қосты

ТҰҰМ төрағасы Шентоп Цедерфельтті ЕҚЫҰ ПА төрайым болып тағайынлануымен құттықтады.

1731589
Шентоп ЕҚЫҰ ПА төрайымымен бас қосты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА) қабылдаған кейбір есептер мен отырыстарда исламдық ұғымдардың саяси мүдделер негізінде террормен байланыстырылуына куә болғанын атап көрсетті. Шентоп ЕҚЫҰ ПА осы мәселеде жауапкерлікке жататын бір тіл қолдану сезімтал болуы керек.

Шентоп бас қала Анкараға ресми сапармен келген ЕҚЫҰ ПА төрайымы Маргарета Цедерфельтпен алдымен оңаша, кейін делегация аралық бас қосты.

Делегациялар арасындағы кездесуде Шентоп Цедерфельтті ЕҚЫҰ ПА төрайымы болып тағайындалуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Шентоп ЕҚЫҰ ПА дайындаған есептер мен мақұлданған қарар жобаларын мұқият қадағалағандарын, аталмыш зерттеулерге үлес қосқандарын айтты.

Қабылдаған кейбір есептер мен отырыстарда исламдық ұғымдардың саяси мүдделер негізінде террормен байланыстырылуына куә болғанын атап айтқан Шентоп «ЕҚЫҰ ПА-ның бұл мәселеде жауапкерлікке жататын бір тіл қолдану керектігін ойлаймын. Керісінше қоғамдарымыз бен қоғам аралық қарым-қатынастарымызға қауіп төндіретін исламофобияға қолдау берілетін болады» деді.

Демократиялар мен қоғамдардың дұшпаны болған террорға қолдау бермеу тақырыбында халықаралық қоғамның одан сезімтал қозғалу керектігін білдірген Шентоп «Елімізге қарсы жасаған шабуылдарында мыңдаған бейбіт азаматты қырған PKK және қазір біз отырған Парламентімізді бомбалап (15 шілде 2016) төңкеріс жасамақ болған Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТО) сияқты террор ұйымдарының ЕҚЫҰ ПА-ның шаңырағы астында кейбір парламентарлардан қолдау табуы азаматтарымызды қынжылтады» деді.



Ұқсас жаңалықтар