Түрік қолбасшылар Бакуде

ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Акар: «Армения дұшпандықты тастап, болашаққа қарау керек» деді.

1730715
Түрік қолбасшылар Бакуде

ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар: «Өшпенділік пен жек көрушілікпен болашақ құруға болмайтынын енді барша білуі қажет.  Армения дұшпандықты тастап, болашаққа қарау керек» деді.

Акар Бас штаб төрағасы, генерал Яшар Гүлер және күш қолбасшыларымен бірге Әзербайжанға кетті.  Бакуде Әзербайжан Қорғаныс министрі Хакир Хасанов пен басқа да лауазым иелері оларды қарсы алды. Қолбасшылар Гайдар Әлиев атындағы Мәдениет орталығында «8 қараша Жеңіс күніне» орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

«Қаһарман Әзербайжан армиясының осы жеңісінің тек 44 күндік күреспен емес, 30 жылдық сенім мен табандылықтың нәтижесінде келгенін» атап көрсеткен министр Акар былай деді: «Бұл тек Армения алдындағы жеңіс емес. Бұл жеңіс сонымен бірге көптеген жылдық әділетсіздікке көз жұмғандарға, үнсіз қалғандарға қарсы жақсы жауап болды» деді.

Ол Түркияның басына келген апат пен төтенше жағдайларда Әзербайжан халқының барлық мүмкіндіктерімен көмекке келгенін еске салды. «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығының ежелден келе жатқанын барша әлем білуі қажет. Құрметті президент Ильхам Әлиев пен президентіміз болашақ ұрпаққа бейбітшіліктің мұра болып қалуы үшін өте жағымды ұстаным көрсетіп,  тұрақтылық пен ынтымақтастыққа сүйенетін жаңа кезеңнің қақпасын ашты» деді ол.

Министр: «Армения лауазым иелерінің де қазіргі саясаттарын тастап,  алтылық платформа ұсынысын қабылдауын күтеміз.  Жек көрушілік пен өшпенділікпен болашақ құрудың мүмкін еместігін енді барша білуі қажет. Осы түсінікпен мойнымыздағы тарихи жауапкершілікті орындап,  аймағымызда бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылық үшін жұмыстануды жалғастырамыз» деді.

Акар өз сөзінде Қарабах мәселесінде әрдайым Әзербайжанның жанында болған Пәкістанға да алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар