Ердоған Батманда жастармен бас қосты

Ердоған Батманда «Ылысу» бөгеті мен ГЭС-тің пайдалануға берілгенін мәлімдеді.

1730696
Ердоған Батманда жастармен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік, күрд, лаз, черкес, грузин және арабымен баршаның ортақ климат немесе бірдей кілемнің ою-өрнектері екенін айтты.

Президент Ердоған алдыңғы күні Батманда жастармен бас қосты.

Батманда ерекше бір күн өткізгенін және елдің мақтанышы болатын «Ылысу» бөгеті мен ГЭС-тің пайдалануға бергендері үшін қуанышты екендерін білдірген Ердоған елдің ең үлкен 4-ші гидроэлектр инвестициясы болып табылатын «Ылысу» жобасының Батманға жарасқанын атап көрсетті.

Ердоған өндірілетін 4 миллиард 120 миллион киловатт-сағат энергиямен экономикаға 3 миллиард лира табыс түсіретін бұл инвестицияның құт әкелуін тіледі.

Ердоған барлық азаматтарды тегіне, тіліне, нанымына қарамастан бірдей шынайылықпен жақсы көргенін, 84 миллион адамға  бірдей құрмет пен қызметті жалғастыратындарын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік, күрд, лаз, черкес, грузин және арабымен баршаның ортақ климат немесе бірдей кілемнің ою-өрнектері екенін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар