Чавушоғлу Ирак премьер-министрі және түрікмен әріптесіне телефон шалды

Сыртқы істер министрлігі телефон дипломатиясы тақырыбында мәлімдеді.

1730975
Чавушоғлу Ирак премьер-министрі және түрікмен әріптесіне  телефон шалды

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми және Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы бөлек сөйлесті.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Чавушоғлу Ирак премьер-министрімен әңгімесі барысында қарулы пилотсыз ұшақпен Казымидің резиденциясына жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Чавушоғлу сондай-ақ Казымиге президент Режеп Тайып Ердоғанның игі тілегін жеткізді.

Мевлүт Чавушоғлу Түрікменстан Сыртқы істер министрі Мередовпен де телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында екі министр 12 қараша күні Стамбулда өтетін Түркі кеңесінің 8-ші көшбасшылар саммитіне дайындықтарды талқылады.



Ұқсас жаңалықтар