Түркия Нигерде жасалған террор шабуылын айыптады

Түркия Нигердегі террорлық шабуылында қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1729698
Түркия Нигерде жасалған террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі Нигердің Тиллабери аймағында бір ауылға жасалған және көптеген адам қаза тапқан террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде «Бұл жантүршігерлік лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандардың туыс-тамырларына, дос және бауырлас Нигер халқы мен үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз және жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.

Мемлекеттік телеарнаға мәлімдеме жасаған Нигер Ішкі істер министрі Алкаче Альхада 2 қараша күні Тиллабери аймағындағы Адаб-Даб ауылына белгісіз қарулы топ тарапынан шабуыл жасалғанын білдірді.

Альхаданың айтуынша, шабуылда 69 адамның соның ішінде ауылдың еншісіндегі Банибангу ауданының әкімі де қаза тапқан.



Ұқсас жаңалықтар