"Талаптарымыз орындалмаған соң Глазгоға барудан бас тарттық"

Ердоған қауіпсіздік протоколы стандарттары орындалмаған соң Глазгоға барудан бас тартты.

1727678
"Талаптарымыз орындалмаған соң Глазгоға барудан бас тарттық"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қауіпсіздік протоколының стандарттары бойынша талаптары орындалмаған соң Біріккен Ұлттар Ұйымының 26-шы Климат өзгерісі конференциясы (COP26) өткізілген Шотландияның Глазго қаласына барудан бас тартқандарын атап, «Бұл тек біздің ғана қауіпсіздігімізбен байланысты емес, сонымен қатар еліміздің беделіне де қатысты бір мәселе еді» деді. 

Президент Ердоған Үлкен жиырмалық көшбасшылар саммитіне қатысу үшін барған Италияның бас қаласы Римнен оралғанда ұшақтағы журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Президент F-16 әскери ұшақтарын жаңарту тақырыбында келіссөздер жүргізілгенін атап,  

«Мен олардан теріс көзқарас көрген емеспін. Қарым-қатынасқа қатысты осы нәзік мәселені аяқтаймыз деп үміттенеміз. Ауғанстан, Сирия, Ливия және Жерорта теңізінің шығысы бойынша ынтымақтастығымызға қоса, экономикалық қарым-қатынасымызды да одан әрі жалғастыруға шешім қабылдадық» деді. 

Террор ұйымдарына қарсы шекарадан тыс ауқымды бір операция ықтималы туралы Ердоған «Әрине қажет кезде жасалады. Одан ешбір шегініс жоқ. Егер бізге алдымызға террор ұйымы PKK/PYD/YPG шықса, онда не қажет болса жасаймыз. Біз бұған ымыраға келмейміз» деді. 

Шотландияға неліктен бармағаны туралы сұраққа қайтарған жауабында Ердоған «Глазгода өткен БҰҰ Климат өзгерісі бойынша көшбасшылар саммитінде біз сұраған қауіпсіздік шаралары бар болатын. Бұлар халықаралық сапарларымызда бізге және барлық басқа көшбасшыларға әрдайым қолданылатын протоколдық стандарттар болатын. Алайда, бізге бұлардың соңғы сәтте қамтамасыз етіле алмайтыны айтылды. Кейінірек біз талап еткен сұрауымыздың басқа бір ел үшін қамтамасыз етілгенін білдік» деді. 

Мұның дипломатиялық ережелерге келіспейтінін атап көрсеткен Ердоған «Мұны қабылдай алмадық. Тиісті бөлімшелеріміз нақты ұстаныммен келіссөздерін жалғастырды. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да осы мәселеге біз үшін назар аударды. Алдында ол мәселенің шешілгенін айтты. Бірақ кейін ол бізбен қайта хабарласып, Шотландия жағының қиыншылық туғызғанын білдірді. Талаптарымыз орындалмаған соң Глазгоға барудан бас тарттық. Ақыры бұл өз қауіпсіздігімізге ғана қатысты емес, еліміздің беделімен де байланысты бір мәселе. Біз ұлтымыздың абыройын қорғауға жауаптымыз. Еліміздің абыройы мен намысына еш жерде нұқсан келтіруге жол бермейміз. Осылайша біз одан әділ бір әлемді тек теңдік көзқараспен ғана орната алатынымызды көрсеттік» деді. 

Ердоған қазіргі уақытта клиникалық сынақтан өтіп жатқан жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) қарсы TURKOVAC вакцинасы бекітілген соң түрік халқы мен адамзаттың пайдалануына ұсынылатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар