Президент Ердоған АҚШ президентімен кездесуін бағалады

"Ауыр көш толқынына есігімізді ашқымыз келмейді".

1727278
Президент Ердоған АҚШ президентімен кездесуін бағалады

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) террор ұйымдарына қару-жарақ қолдауына қатысты «Келесі процестің бұлай жалғаспайтынына сенемін» деді.

Президент Ердоған Италияның бас қаласы Римде өткен Үлкен жиырмалық көшбасшылар саммитінен кейін баспасөз мәслихатын өткізіп, саммитті бағалап, сұрақтарға жауап берді.

Ердоған саммит аясында АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуі туралы сұраққа қайтарған жауабында «Сириядағы террор ұйымдары PKK/PYD-нің АҚШ-тан алған қолдауы үшін наразылығымызды жеткіздік. Келесі процестің бұлай жалғаспайтынына сенемін» деді.

Байденмен кездесуде бұрыннан бар F-16 әскери ұшақтарын жаңғырту немесе жаңа F-16 ұшақтары беру мәселесінің күн тәртіпке келгенін атап көрсеткен Ердоған екі ел қорғаныс министрлерінің бұл процесті қадағалағанын атап өтті. «Байден мырзаның бұл мәселеге оң көзқарасын көрдім» деді.

15 тамыз күні тәліптер бақылауға алған Ауғанстаннан Түркияға жаңа көш толқынына қатысты президент әлі де 3,6 миллионы Сириядағы соғыстан қашып келген барлығы 5 миллионға жуық босқынның Түркияда қоныстанғанын еске салды. Ердоған «Шаралар қабылдаудамыз. Ауыр көш толқынына есігімізді ашқымыз келмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар