Ердоған Ұлттық бақтың инфографикасын бөлісті

Ердоған: "Барлық азаматтарымызды Ататүрік мәдениет орталығы Ұлттық бағына келіп демалып қайтуға шақырамын" деді.

1726362
Ердоған Ұлттық бақтың инфографикасын бөлісті

Режеп Тайып Ердоған бас қала Анкарада тұсауы кесілген Ататүрік мәдениет орталығы (АМО) Ұлттық бағынна байланысты дайындалған инфографиканы бөлісті.

Президент Ердоған бас қала Анкарада тұсауы кесілген Ататүрік мәдениет орталығы Ұлттық бағының ұлтымызға және Анкарамызға қайырлы болуын тіленймін. Барлық азаматтарымызды Ататүрік мәдениет орталығы Ұлттық бағына келіп демалып қайтуға шақырамын" деді. 

Дайындалған инфографикада Ататүрік мәдениет орталығы Ұлттық бағының 700 мың шаршы метр алаңға салынғаны, ішінде мыңдаған кітабы бар Ұлттық кітапхананың бар екені білдірілді.

Сонымен бірге Ұлттық бақтың ішінде балалар клубы, балалардың ойын алаңы, атқа міну және іс-шаралар сайлары, тұқым орталығы, спорттық комплекстер, жеміс-жидек пен көкөніс өсіруге арналған бақшалар, трамвай желісі, 5 мың адамдық конферанс залына ие мәдениет орталығы, ашық кинотеатр, мешіт, өнер шеберханалары, шайхана, дәмхана және денсаулық сақтау орталығы қатарлы орындар бар.



Ұқсас жаңалықтар