Ердоған Республика мерекесіне орай үндеу жариялады

Ердоған: "Азаматтарымызбен бірге абыройлы тарихымыздың алтын шеңбері болған мақтанышты күнімізді бізбен бөліскен барлық достарымызды 29 Қазан Республика мерекесімен құттықтаймын" деді.

1726584
Ердоған Республика мерекесіне орай үндеу жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ұлтымызбен бірге ең үлкен сеніміміз болған береке-бірлігімізге және бауырластығымызға тәуелді болып, ұлы да күшті Түркиямыз үшін күресті жалғастырамыз" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған 29 Қазан Республика мерекесіне орай жариялаған видеолы мәлімдемесінде:

"Ел іші мен сыртында тұратын азаматтарымызбен бірге абыройлы тарихымыздың алтын шеңбері болған мақтанышты күнімізді бізбен бөліскен барлық достарымызды 29 Қазан Республика мерекесімен құттықтаймын. Жанқиярлықпен осы отанды бізге сыйлаған ардақты шейіттерімізге Алладан иман тілеймін. Осы қасиетті арман жолында күрескен ардагерлерімізге өзім, елім және ұлтым атынан алғыс айтамын" деді.

Республикамыздың 98 жылдығында құрушы Гази Мұстафа Кемал Ататүрік мен батыр жауынгер достарын борыштылық сезіммен еске алған Ердоған:

"Республикамыздың 100 жылдығы 2023 жылға жақындаған кезде ешқандай күш пен кірлі сценарийлердің, Түркияны сүріндіруді мақсат еткен шабуылдардың жолымыздан шегіндіруіне рұқсат бермейміз. Ұлтымызбен бірге ең үлкен сеніміміз болған береке-бірлігімізге және бауырластығымызға тәуелді болып, ұлы да күшті Түркиямыз үшін күресті жалғастырамыз. Осы қасиетті күресте ұлттық күресімізді жеңіске жетелеген, республикамызды жандандырған жігеріміз 98 жылдан бері болғанындай,  бүгін де жол бастаушымыз болады" деді. 



Ұқсас жаңалықтар