Түркияда коронавирустан 24 сағатта 210  өлім тіркелді

30 мың 542 адамға вирус жұққаны анықталды.

1725913
Түркияда коронавирустан 24 сағатта 210  өлім тіркелді

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 210  өлім-жітім тіркелді.

Соңғы бір тәулікте 355 мың 947 адамға сынама жасалды.

30 мың 542 адамға вирус жұққаны расталды.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 31 мың 467 кісіге жетті.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында 1-ші, 2-ші және 3-ші компонентпен барлығы 115 миллион 866 мың 511 вакцина салынды.



Ұқсас жаңалықтар