Акар сербиялық әріптесін күтіп алды

Хулуси Акар Небойша Стефановичті Ұлттық Қорғаныс министрлігінде әскери рәсіммен күтіп алды.

1725875
Акар сербиялық әріптесін күтіп алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сербия премьер-министрінің орынбасары және Қорғаныс министрі Небойша Стефановичпен кездесті. 

Хулуси Акар Небойша Стефановичті Ұлттық Қорғаныс министрлігінде әскери рәсіммен күтіп алды.

Екі министр екі жақтылы және аймақтық қорғаныс, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық тақырыптарында көзқарас алмастырды.

Хулуси Акар  президент Режеп Тайып Ердоған мен Сербия президенті Александр Вучич тарапынан белгіленген екі ел арасындағы қорғаныс пен қауіпсіздік тақырыптарындағы қарым-қатынастарды дамытудың жалғасатынын білдірді.

Түркия мен Сербия арасындағы диалог аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына есе қосатынын айтқан Акар  Балканның бейбітшілігі мен тұрақтылығы Түркия үшін маңызды тақырып екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар