"Адам құқықтарын бұзғандардан сабақ алмаймыз"

Қытайдың айыптауына түрік өкіл жауап қайтарды.

1726224
"Адам құқықтарын бұзғандардан сабақ алмаймыз"

Түркияның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу Түркияны «Сирияда адам құқықтарына бағынуға» шақырған Қытайға жауап берді. Түрік өкіл Қытайдың БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі орынбасарына «Халықаралық адам құқықтары мен адам құқығын бұзғандардан сабақ алмаймыз» деп жауап қайтарды.

Қытайдың БҰҰ-дағы Тұрақты өкіліның орынбасары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия бойынша жиналысында Евфрат өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі және Аллук су базасындағы ақауларға Түркияны жауапты деп санап, Түркияны Сирияның солтүстік шығысын басып алып отыр деп, адам құқықтарына бағынуға шақырды.

БҰҰ өкілі Синирлиоғлу болса осы сөздерге орай «Халықаралық адам құқықтары мен адам құқықтарын бұзғандардан сабақ алмаймыз» деді.

Аллук су базасындағы проблемалардың себебіне БҰҰ Бас хатшылығының есебінде орын берілгенін еске салған түрік өкілі PKK/YPG террорлық ұйымы мен Сириядағы әкімшіліктің осы тақырыпты тыңшылары арқылы нашар қолданғанына назар аударды.

Синирлиоғлу PKK/YPG террорлық ұйымының аймақта тұрақтылықты бұзып отырған фактор екенін айтып,  бейбіт халық пен Түркияға шабуылдағанын білдірді. Ол екі апта бұрын Африндегі лаңкестікте алты адамның қаза тапқанын айтты.

Түркия өкілі террорлық ұйымның Ирактағы сириялық езиди мен сириялық күрдтердің үйлеріне қайтуына кедергі болып отырғанын атап көрсетті.

Террорлық ұйымның шабуылдарының Сириямен шектеулі болмағанын айтқан өкіл террорлық ұйымның Сириядағы болмысын Түркияны нысанаға алу үшін қолданғанын білдірді.

Өткен апта БҰҰ-да Түркия секілді 43 ел Шыңжаң Ұйғыр автономдық аймағындағы ұйғырларға бағытталған Қытай қысымы тілге тиек етілген ортақ мәлімдемеден кейін Түркияны нысанаға алған айыптауы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар