Түркия Ирактың Диала уәлаятындағы шабуылды айыптады

Түркия Ирактың Диала уәлаятындағы бір ауылға террор ұйымы ДАИШ тарапынан жасалған шабуылды айыптады.

1725740
Түркия Ирактың Диала уәлаятындағы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Диала уәлаятында ДАИШ-тік террорист тарапынан кеше түнде ұйымдастырылған шабуылда көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны қайғы-қасіретпен қарсы алынғаны білдірілді.

Мәлімдемеде "Опасыз лаңкестік шабуылды қатал түрде айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымы мен жаралылардың сауығып кетуін тілейміз. Дос және бауырлас Ирак халқы мен үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз" делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар