Калын Салливанмен телефонда сөйлесті

Екі басшы F-35/F-16 мәселелері, жаһандық климат өзгерістері, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Таулы Қарабах, Грекия, Жерорта теңізінің шығысы тақырыптарында кеңесті.

1725854
Калын Салливанмен телефонда сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшылығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде телефондағы әңгімеде екі басшы екі жақтылы қарым-қатынастар, F-35/F-16 мәселелері, жаһандық климат өзгерістері, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Таулы Қарабах, Грекия, Жерорта теңізінің шығысы және басқа аймақтық оқиғаларды қолға алғаны білдірілді.

Телефондағы кеңесте президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байден арасында Глазгодағы Климаттық саммит көлемінде жоспарланған кездесуінің тақырыптары мен мазмұндары талқыланды.

Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының стратегиялық маңызы дәріптелген кеңесте тараптардың тақырыптарды өзара құрмет, түсіністік және ортақ мүдделер аясында талқылауы керектігі және халықаралық келісімдерге бағынудың маңыздылығы атап айтылды.

Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысқа байланысты Түркияның Ауғанстан халқына жәрдемді жалғастыратыны жеткізілді.

Таулы Қарабахтың құтқарылуынан кейін Кавказда бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу үшін басылатын қадамдар талқыланды.

Түркияның шекара қауіпсіздігі және Сирияға қауіп төндірген PYD/YPG/PKK мен ДАИШ қатарлы террористік ұйымдармен күрестің жалғасатыны, НАТО одақтасы Түркия мен АҚШ-тың климат өзгерістері, террор, көші-қон, індетпен күрес сияқты жаһандық тақырыптардағы ұйымшылдықты бекемдеу тақырыптарында ортақ тұғыр көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар