"Түркі Кеңесі медиа форумы" басталды

Алтун "Жалғанға және дезинформацияға қарсы шындықтың жағында болуды моральдық қағидаларымыздың дәстүрі ретінде қараудамыз" деді.

1723566
"Түркі Кеңесі медиа форумы" басталды

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы үй иелігінде "Терең тарих, мықты болашық" атты тақырыбымен ұйымдастырылған "Түркі Кеңесі медиа форумы" басталды.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун форумның беташарында жасаған баяндамасында Түркия Республикасының әрі мемлекет ішінде, әрі шетелде әділет үшін күрес жүргізгенін түсіндірді.

Алтун "Жалғанға және дезинформацияға қарсы шындықтың жағында болуды моральдық қағидаларымыздың дәстүрі ретінде қараудамыз" деді.

Моральдық қағидалардың осы кезеңде тіпті маңызды екенін баяндаған Алтун былай деді: "Алдымызда әділетті мағынасыздандыруға, құнсыздандыруға, елеусіздендіруге және қауымды мәдени, экономикалық және идеология жақтан бодандық астына алуға тырысқан, яғни бір сөзбен айтқанда бір жалған индустрия бар. Біз жалғанға және дезинформацияға қарсы шындықтың жағында болуды моральдық қағидаларымыздың дәстүрі ретінде қараудамыз" деді.

Фахреттин Алтун "Осы таңда біздің міндетіміз Түрік Кеңесі ретінде цифрлық фашизмге, алпауыт имперализмге және мәдени жалған индустрияға қарсы  таралым каналдарымызды күшейту болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Түркі әлемінің болашағы үшін күрес жүргізуіміз керек" деген сөздер қолданды.

Алтун осы аяда Түркия Радио Теледидар Мекемесі және Анадолы агенттігі сынды Түркі медиасының күшті мекемелері мен ұйымдарының бірге жұмыс істеуі, тәжірибе алмасуы, ынтымақтастық жасауы және ортақ жобалар жасауы абзал екенін білдірді.

Фахреттин Алтун "Коммуникация басқармамыздың тармағында жұмыс істеген біз, мен және достарым барлық күшімізбен Президент Режеп Тайып Ердоғанның басышлығында үлкен және күшті Түркия үшін күресуге, Түркі әлемінің береке-бірлігі және байлығы үшін тоқтаусыз жұмыс істейміз. Ешқандай қауіп-қатерден қорықпаймыз" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар