"Медиа форумы бізді мақсаттарымызға жақындата түседі"

Президент Түрік Кеңесі Медиа форумында сөз сөйледі.

1723492
"Медиа форумы бізді мақсаттарымызға жақындата түседі"

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Қорғаныс өнеркәсібі мен әскери тақырыптарда қалай шетелдіктерге тәуелді емес болсақ, коммуникация мәселесін де басқаларына тастамаймыз» деді.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының ұйымдастыруымен «Тамырлы тарих, мықты болашақ» атты Түрік Кеңесі Медиа форумы басталды.

Президент Ердоған форумға видео конференция арқылы қатысты. «Цифрлық фашизмнің қиратушысы ықпалынан қаншалықты дамыған болса да ешбір ел мен қоғам толығымен азат емес. Түрік әлемі цифрлық фашизммен қоса халықаралық медианың қос стандартынан да зардап шегіп отыр. Әсіресе 44 күндік Таулы Қарабах соғысы барысында біз куә болған екі жүзді ұстаным мәселенің маңыздылығын көрсетті.  Армения армиясының бейбіт халықты нысанаға алған шабуылдары мен қырғындары еш жарияланбады. Медиа тәуелсіздігі мен бейтараптық туралы айтқан халықаралық медиа органдары Арменияның ресми ақпарат агенттігі секілді қозғалды» деді ол.

«Қарабах соғысы елдеріміз және түрік әлемі жөніндегі шындықтарға қарсы жүргізілген баспасөз эмбаргосының алғашқы мысалы да емес, соңғы да емес» деді президент.

Президент «Ауыз жүзіндегі қырғын айыптауларын қосқанда тарихымызды, ұлттық қауіпсіздігімізді және ұлтымыздың құндылықтарын нысанаға алған көптеген тақырыпта осындай ұстаныммен бетпе-бет қалып отырмыз. Ащы тәжірибемізден кейін мына шындықты айқын көруге болады: Қорғаныс өнеркәсібі және әскери тақырыптарда толығымен шетелдіктерге қаншалықты тәуелді болмасақ, коммуникация мәселесін де басқаларына тастай алмаймыз. Орианталистік көзқараспен әрдайым бізге адам құқықтары,  демократия және еркіндік сабағын бергендердің ұждан және кәсіптік этикасына сене алмаймыз. Басқа да стратегиялық мәселелерде болғаны секілді медиа және коммуникация тақырыбында да өз кіндігімізді өзіміз кесуіміз керек» деген сөздер қолданды.  

Ердоған «Түрік әлемі ретінде осы тақырыпта инициатива алып, тәжірибе бөлісуіміз керек.  Күшімізді бірлестіріп, қолымыздағы мүмкіндіктерді ең ықпалды түрде қолдануымыз қажет. «Тамырлы тарих, мықты болашақ» деген тақырыппен ұйымдастырылған осы форумның бізге мықты платформа болатынына сенеміз. Форум арқылы түрік әлеміндегі ұйымшылдықты жетілдіруді, өзара сенімді нығайтуды, дезинформациямен күрес, информация қауіпсіздігі, ұлттық информация технологиялары бастамасы және ортақ мәдениетке басты орын беретін фильм, сериал жобалары секілді тақырыптарда ынтымақтастықты арттыруды мақсат етіп отырмыз. Маңызды кезеңде және өте беделді тұлғалардың қатысуымен ұйымдастырылған форумның бізді осы мақсаттарға тағы бір қадам жақындатуын тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар