Түркия Үндістан мен Непалға көңіл айтты

Түркия Үндістан мен Непалдағы сел және көшкін апатында қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1722645
Түркия Үндістан мен Непалға көңіл айтты

Түркия Үндістан мен Непалдағы сел және көшкін апатында қаза тапқандар үшін көңіл айту мәлімдемесін жариялады. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Үндістан мен Непалдың түрліше аймақтарында нөсерлі жаңбыр себеп болған сел және топырақ көшкіні апатында 100-ден астам адамның қаза тапқанын, көптеген адамның жараланғанын және жоғалып кеткенін білдірген хабарға қатты қайғырдық. Екі елде апаттың жан мен мал-мүлік шығынына себеп болғанына алаңдап отырмыз" деп көрсетілді.

Ауыр апатта қаза тапқандардың жақындарына, дос Непал мен Үндістан халқы мен үкіметіне Түркияның шынайы көңіл айту тілегі жеткізілген мәлімдемеде жаралыларға шұғыл шипа тілегі мен жан шығынының тоқтауы үміті білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар