Түркия мен Ливияның қарым-қатынасы өте маңызды

Абдуллах Әллафи Ливия дағдарысының бейбітшілік жолдармен шешілуінде Түркияның өте маңызды рөл ойнағанын түсіндірді.

1723008
Түркия мен Ливияның қарым-қатынасы өте маңызды

Ливия Президенттік кеңесінің орынбасары Абдуллах Әллафи кеңестің Түркиямен ортақтық қарым-қатынастарын екі елдің мүддесіне қызмет ететіндей дамытуды тілегенін айтты.

Кеңестің баспасөз офисінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Әллафи Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өналмен астана Триполиде кездесті.

Кеңестің Ливия мен Түркия арасындағы ортақтық қарым-қатынастарын екі елдің мүддесіне қызмет ететіндей дамытуыды тілегенін білдірген Әллафи екі елді бір-бірімен жалғастырған көне тарих екенін баяндады. Абдуллах Әллафи Ливия дағдарысының бейбітшілік жолдармен шешілуінде Түркияның өте маңызды рөл ойнағанын түсіндірді.

Әллафи мен Өнал кездесу барысында көптеген елмен қатар Түркияның да қатысатын Ливияда тұрақтылықты қолдау талпысыны конференциясы сияқты Ливияға байланысты тақырыптарды қолға алды.

 



Ұқсас жаңалықтар