Тунжелиде бір әскер шейіт болды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу шейіт әскерге Алладан иман тіледі және отбасындағыларға көңіл айтты.

1723119
Тунжелиде бір әскер шейіт болды

Тунжелиде жалғасып жатқан "Ерен-7" операциясында бір әскер шейіт болды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Тунжелиде ұйымдастырылған операцияда ауыр жараланған бір әскердің ауруханада құтқарыла алмағаны білдірілді.

Мәлімдемеде: "Шейітімізге Алладан иман тілейміз, отбасындағылар мен жақындарына көңіл айтамыз. Ұлтымыз аман болсын!" деп көрсетілді.

Қақтығыста бір әскерді шейіт еткен террористердің "Террористерді іздеу тізімінде" сұрғылт категорияда орын алған "Куртай Шерзан" лақапты Хайреттин Гүнеш екені және онымен бірге бір террористің өлтірілгені білдірілді. 

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде Тунжелиде жалғасып жатқан және екі террорист залалсыздандырылған "Ерен-7" операциясында ауыр жараланған бір әскердің шейіт болғанын білдіріп, шейітке Алладан иман тіледі және отбасындағыларға көңіл айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар