Министр орынбасары Кыран TRT World Forum-ға қатысты

Министрі орынбасары Кыран нәсілшілдік және исламофобия тақырыптарына тоқталды.

1722951
Министр орынбасары Кыран TRT World Forum-ға қатысты

Сыртқы істер министрі орынбасары Явуз Селим Кыран Түркияның исламофобия және әр түрлі кемсітушіліктің барлық түріне қарсы күреске басшылық ететінін айтты.

Қыран TRT World Forum-ның «Нәсілшілдік, мәдениет соғыстары және жаһандық саясаттың поляризациясы» тақырыпты онлайн сессиясына қатысты.

«Өз географиямызда және тыс жерлерде артып отырған поляризацияны алаңдаушылықпен байқаймыз» деген Кыран популист саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өз еркімен немесе еріксіз түрде кемсітушілік пен нәсілшілдікті асқындырғанын атап көрсетті.

Исламға қарсы көзқарастың қазіргі кезде нәсілшілдік пен ксенофобияның ең жиі кездесетін белгілерінің бірі екенін баса айтқан Кыран БҰҰ мен Еуропа Кеңесінің есептерінің исламға қарсы әрекеттердің жаһандық деңгейде кең тараған бір қауіпке айналғанын растағанын тілге тиек етті.

Кыран «Исламға қарсы дұшпандық біраздан бері әсіресе Еуропада көтеріліп келеді» деді.

Исламды нысанаға алатын риториканың Еуропа түсінігі мен Еуропаның ислам әлемімен қарым-қатынасына зиянын тигізетінін айтқан Кыран Түркияның исламофобия мен нәсілшілдікке қарсы күресінің шетелдегі 6,5 миллион азаматына тікелей әсер еткенін білдірді.

Кыран «Еуропа Кеңесі, ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы), ИЫҰ (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) және БҰҰ шеңберінде исламофобияға және кемсітушіліктің барлық басқа түрлеріне қарсы күрес жүргіземіз» деді.

Кыран поляризация мен кемсітушілікті тудыратын қауіптерді енді елемеуге болмайтынын, бұл қауіптердің әрі ұлттық, әрі халықаралық деңгейде шұғыл қозғалуды қажет ететінін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар