Түркияның қорғаныс өнімдері назар аударды

Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктері «Нусрет - 2021» әскери-теңіз жаттығуында көрмеге қойылды.

1722518
Түркияның қорғаныс өнімдері назар аударды
nusret tatbikati sergi.jpg
nusret tatbikati sergi.jpg

«Нусрет - 2021» әскери-теңіз жаттығуы 18 қазан күні Чанаккаледе басталды.

28 қазан күні аяқталатын әскери-теңіз жаттығуы аясында қорғаныс өнеркәсібі компаниялары болса инвентарьға енетін қару-жарақ жүйелерін Нара қамалына көрмеге қойды.

Көрмеде ең көп назар аударған қарулардың басында қарулы Әскери роботтық кеме «SIDA» жақында Теңіз күштері қолбасшылығының пайдалануына беріледі.

SIDA теңіз шайқасы, су асты қорғанысы мен әуе шабуылы соғысына қоса минаға қарсы шараларды жүзеге асыра алатын әр түрлі нұсқалар және функциялармен жетілдірілді.

«Рокетсан» өндірген ATMACA зымыраны да әлемдегі баламалары арасында ең үздіктердің бірі болып саналады. ATMACA зымыраны теңіз және құрлықтағы нысандарды жою қабілетіне ие.

Әскери электроника өнеркәсібі (Аселсан) жетілдірген ORKA тұмсықты зымыраны мен DÜFAS радар жүйесі отандық мақтаныш жобаларының басында келеді.

Түркияның ғылыми-технологиялық зерттеулер кеңесі (Түбитак) өндірген KUZGUN зымыраны болса ықпалды және арзан ақылды оқ-дәрі категориясында ерекшеленеді.



Ұқсас жаңалықтар