Түрік әскерлерінің Африкадағы міндет уақыты ұзарды

Түрік әскерлері 2016 жылдан бері Мали мен Орталық Африка Республикасында міндет атқарып келеді.

1722043
Түрік әскерлерінің Африкадағы міндет уақыты ұзарды

Мали мен Орталық Африка Республикасындағы түрік әскерлерінің міндет уақытын бір жыл ұзартқан құжат Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы Кеңесінде қабылданды. 

Түрік әскерлерінің  Мали мен Орталық Африка Республикасындағы міндет уақытын бір жыл ұзарту мақсатымен дайындалған Президенттік аппарат құжаты ТҰҰМ Жалпы Кеңесінде талқыланды.

Құжатта БҰҰ тарапынан Көп салалы интеграция тұрақтылық міндеттеріне қатысуға шақырылғаны білдірілді.

Құжатта: "Африкада аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілік үшін қауіп төндірген гуманитарлық және саяси дағдарысты шешуге әскери есе қосу" мақсатымен түрік әскерлерінің аймақта міндет атқарғаны атап көрсетілді.

Түрік әскерлері 2016 жылдан бері Мали мен Орталық Африка Республикасында міндет атқарып келеді.



Ұқсас жаңалықтар