"Үштік Сыртқы істер комиссия жиналысы" өтті

Әзербайжан мен Грузия делегациясы 2016 жылы 15 шілдедегі төңкеріс талпынысында зақымдалған ТҰҰМ Құрмет дәлізіндегі алаңға келіп, қалампыр гүлін қойды.

1721400
"Үштік Сыртқы істер комиссия жиналысы" өтті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Сыртқы істер комиссиясының төрағасы Акиф Чағатай Кылыч әзербайжандық және грузиялық әріптестерімен "Үштік Сыртқы істер комиссиясы жиналысы" аясында кездесу өткізді.

Акиф Чағатай Кылыч бас қала Анкарадағы Мәжілісте Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы істер және Парламенттерарасы байланыстар комитетінің төрағасы Самад Сейідов және Грузия Парламенті Сыртқы істер комитетінің төрағасы Николоз Самхарадземен кездесті. 

Түркия-Әзербайжан-Грузия "Үштік Сыртқы істер комиссиялары жиналысының" 6-сы өткізілгенін айтқан Кылыч төрағалар ретінде алғашқы кездесуді өткізгендерін, 19 қазанда делегациялар арасындағы кездесулер жалғасатынын хабарлады.

Кылыч үштік жиналыстың аймақ үшін маңызды екеніне тоқталып:

"Жаңа типті коронавирус індетінен кейін алғашқы бетпе-бет кездесуді өткіздік. Сол себепті екі әріптесіме шақыруымызды қабылдап, сапарлай келгені үшін алғыс айтамын" деді.

Әзербайжан мен Грузия делегациясы 2016 жылы 15 шілдедегі төңкеріс талпынысында зақымдалған ТҰҰМ Құрмет дәлізіндегі алаңға келіп, қалампыр гүлін қойды. 



Ұқсас жаңалықтар