Президент Ердоған Тогодағы кездесулерін бастады

Ердоған үшін ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

1721992
Президент Ердоған Тогодағы кездесулерін бастады

Президент Режеп Тайып Ердоған Африкадағы екінші аялдамасы Тогода президент Фор Гнассингбе тарапынан қарсы алынды. Ердоған үшін ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

Екі елдің ұлттық әнұранды шырқалған рәсімде Ердоған мен Гнассингбеге делегация мүшелері таныстырылды.

Реми қарсы алу рәсімінен кейін екі лидер оңаша кездеседі. Кездесулерден кейін баспасөз мәслихаты өткізіліп, кейбір құжаттарға қол қойылады.

Президент Ердоған Того президенті, Буркина Фасо президенті және Либерия президентімен төрттік жиналыс өткізеді.  Артынан Биркина Фасо және Либерия басшыларымен оңаша кездеседі.

Президент Ердоған Тогодағы кездесулерінен кейін Африкадағы соңғы аялдамасы Нигерияға аттанады.



Ұқсас жаңалықтар