Ердоғанның TRT World Forum 2021-ге бейне жолдамасы

Президент Режеп Тайып Ердоған TRT World Forum 2021-ге бейне жолдама арқылы қатысты.

1721899
Ердоғанның TRT World Forum 2021-ге бейне жолдамасы

Президент Режеп Тайып Ердоған барлық езілген және зардап шеккендер атынан жүргізілген күресті одан жоғары деңгейге көтеруге бел буғандарын атап көрсетті.

TRT World Forum 2021-ге бейне жолдама жіберген президент Ердоған адамзаттың біраз уақыттан бері экономикалық, әлеуметтік, саяси, адами тұрғыдан үлкен денсаулық дағдарысымен күрескенін еске салып, бұл кезеңдегі оқиғалардың әлемнің ешқашан бұрынғыдай болмайтынын көрсеткеніне назар аударды.

Бүкіл адамзаттың болашағына қауіп төндіретін бұл дағдарыс алдында әлемде бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз етуге жауапты мекемелер мен ұйымдардың тағы да сәтсіздікке ұшырағанын тілге тиек еткен Ердоған «Аз дамыған елдер мен қоғамның кедей сегменттері өз тағдырына қалдырылды. Саудадағы протекционизм күшейіп, жеткізу қызметі ақсандап отыр. Экономикалық мәселелермен бірге батыс елдеріндегі жеккөрушілік қылмыстары қорқынышты деңгейге жетті» деді.

Ердоған «Еуропалық саясат қайраткерлері қоғамдарына рак клеткасы сияқты тараған исламофобиямен күрестің орнына саяси мүддеге айналдырып, дауыс жинау құралы ретінде пайдалануды есептейді» деді.

Әлемдегі қазіргі жүйенің ұзақ уақыттан бері әділдік пен тұрақтылық орнатпағанына назар аударған Ердоған «Ислам әлемінің сөз сөйлеу құқығы болмаған, Африканың, Латын Америкасының және Оңтүстік Азияның талаптары ескерілмейтін, тек қана күшті бақылауында ұстайтын бес елдің мүдделері назарға алынатын бұл жүйенің қазіргі құрылымын жалғастыру мүмкін емес» деді.

Түркия ретінде бұл реформа қажеттілігін жылдардан бері «Әлем бестен үлкен» сөзімен тілге тиек еткендерін еске салған Ердоған «барлық езілген және зардап шеккендер атынан жүргізілген күресті одан жоғары деңгейге көтеруге табандымыз» деді.

Ердоған адамды негізге алатын, адалдық пен әділеттікті алдынғы қатарда ұстайтын мықтының құқылы емес, әділеттінің мықты екенін құптайтын жаһандық бір тәртіп орнатылмайынша күресті жалғастыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар