Президент Режеп Тайып Ердоған Анголада

Президент Ердоғанды ​​бас қала Луанда халықаралық әуежайында Ангола Сыртқы істер министрі қарсы алды.

1720907
Президент Режеп Тайып Ердоған Анголада

Президент Режеп Тайып Ердоған Африка сапарының алғашқы аялдамасы Анголаның бас қаласы Луандаға барды.

Президент Ердоғанды ​​Луанда Кватро де Феверейро халықаралық әуежайында Ангола Сыртқы істер министрі Тете Антонио мен Түркияның Анголадағы елшісі Алп Ай қарсы алды.

Ресми байланыстары бүгін басталатын президент Ердоған ​​алдымен Ангола президенті Жуан Мануэль Гонсалвиш Лоренсомен бас қосады. Екі президент алдымен оңаша кейін делегация аралық кездесулер өткізіп, бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.

Ангола парламентіне үн қататын Президент Ердоған дәрігер Антонио Агостиньо Нето ескерткішіне барып, Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі ұйымдастыратын Ангола-Түркия іскерлік форумына қатысады.



Ұқсас жаңалықтар