Президент Ердоған Африка туры алдында мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның 3 елді қамтитын Африка сапары бүгін басталды.

1720722
Президент Ердоған Африка туры алдында мәлімдеме жасады

Ердоған Африка елдерімен ынтымақтастыққа ешқашан қысқа мерзімді және мүдделік тұрғыдан қарамағандарын атап, «2020 жылдың аяғынан бастап 25 миллиард доллардан асқан сауда-саттық көлеміміз, Африка елдері үшін стратегиялық бір ортақ ретінде Түркияға деген қызығушылықты арттыруда» деді.

Президент Ердоған әріптестерінің шақыруымен 17-20 қазанда күндерін қамтитын Ангола, Того және Нигерия турын бастады.

Ердоған отандық вакцина жұмыстарына назар аудара отырып «159 ел мен 12 халықаралық ұйымға медициналық жабдықтар мен эпидемияға қарсы күресте қажетті материалдарды бердік. TURKOVAC (отандық ковид-19 вакцинасы) вакцина қолданысқа енген соң барлық жерге барынша қолдау көрсетуге тырысамыз» деді.

Ердоғанның бұл сапарларының басшылар арасында аймақтық және халықаралық мәселелер мен өзара ынтымақтастық шараларын талқылауға мүмкіндік беретіні білдірілді.

Ердоғанның Ангола мен Нигерияда өтетін іскер форумдарында іскерлік әлемінің өкілдерімен де бас қосуы жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар