Ердоған мен Меркель баспасөз жиналысын өткізді

Ангела Меркель: "Адам алып қашыруды тосқымыз келеді. Еуроодақтың осы жайлы Түркияға қолдау беруі бір мәжбүрлік және шарт" деді.

1720574
Ердоған мен Меркель баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Германиямен 50 миллиард долларлық сауда мөлшеріне жетуді қалаймыз" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулдағы Хубер сарайында Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен кездесуден кейін баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Баспасөз жиналысында Ердоған:

"Меркельмен бүгінгі кездесуімізде Түркия мен Германия қарым-қатынастарын қамтыған күн тәртіптегі мәселелерді егжей-тегжейлі қолға алдық" деді.

Ердоған Германиядағы түрік қоғамының екі ел байланыстарының әлеуметтік беталысын қалыптастырғанын айтып:

"Нәсілшілдік, Ислам мен шетелдіктерге дұшпандықпен қарау өкінішке орай Еуропадағы түрік қоғамының басты мәселесіне айналып отыр" деді.

Президент Ердоған премьер-министрлік міндетімен қоштасу сапары аясында Түркияға келген Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің Түркия мен Германия достығына бұдан былай да есе қосатынына сенетінін айтты.

Ердоған:

"Меркельмен жүргізілген табысты жұмыстардың жаңа үкіметпен де жалғасуын үміт етемін. Түркия Еуропа Одағына мүшелік жолында Меркельдің қосқан есесін есте сақтайды" деп көрсетті.

Германия премьер-министрі Ангела Меркель заңсыз көші-қон жайлы:

"Түркияға Еуропа Одағының осы тақырыптағы жәрдемінің жалғасатынын айттым. Адам алып қашыруды тосқымыз келеді. Еуроодақтың осы жайлы Түркияға қолдау беруі бір мәжбүрлік және шарт" деді.

Ангела Меркель :

"Ынтымақтастығымызға мән береміз. Ердоғанмен бірге Түркияда ірі дамулар болды. Стамбулға қарағанда мұны көреміз. Түркия НАТО одақтасы ретінде біздің маңызды серігіміз. Ортақ мүддеміз әрқашан бар. Федерал Германия үкіметі менен кейін де осы тұғырды жалғастырады. Бейбітшілік пен қауіпсіздігіміз бір-бірімізге тәуелді" деп көрсетті.

Ангела Меркель:

"Германияда дін еркіндігі бар. Біз Ислам дұшпандығы мен нәсілшілдік тақырыбында нақтылы тұғыр көрсетудеміз. Еврей мен Ислам дұшпандығы жөнінде ауыр оқиғалар болды.  Осы үшін рухани және материалдық барлық мүмкіндіктерімізді аттанысқа келтірдік" деді.



Ұқсас жаңалықтар