Измирде 67 босқын құтқарылды

Грекия тарапынан Түркия су айдынына жолданған 67 шетелдік босқын құтқарылды.

1719883
Измирде 67 босқын құтқарылды

Измир су айдынында Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан түрік су айдынына қайтарылған 67 тұрақсыз босқын судан шығарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығының интернет парақшасында жарияланған мәлімдемеде қолбасшылыққа қарасты топтар Грекия тарапынан Түркия су айдынына жолданғаны анықталған резинка қайықтағы тұрақсыз босқындарға бағытталған құтқару жұмыстары аясында 13 қазанда Дикили су айдынында 21, Чешме су айдынында 33, Мендерес су айдынында 13 тұрақсыз босқынды құрлыққа шығарғаны білдірілді.

Шетелдік 67 босқын тіркеу жұмыстарынан кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына жолданды. 



Ұқсас жаңалықтар