Вьетнамға 200 мың компонент вакцина беріледі

Президенттің орынбасары Фуат Октай Вьетнам премьер-министрі Фам Минх Чинмен телефонда сөйлесті.

1718670
Вьетнамға 200 мың компонент вакцина беріледі

Түркия денсаулық сақтау ынтымақтастығы аясында Вьетнамға  жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы 200 мың компонент вакцина жолдайды.

Президенттің орынбасары Фуат Октай Вьетнам премьер-министрі Фам Минх Чинмен телефонда сөйлесті.

Телефондағы әңгімеде екі ел арасындағы сауда, өнеркәсіп, туризм және Фетуллахшы террористік ұйым ФЕТО-мен күрес тақырыптары талқыланды.

Ковид-19 эпидемиясы процесінде әлемдегі көптеген елге жәрдем берілгенін айтқан Октай екі ел арасында қол қойылатын денсаулық сақтау ынтымақтастығы аясында Вьетнамға 200 мың компонент вакцина, 10 желдеткіш, 10 пациент мониторы, 20 мың маска, 4 мың комбинезон, 100 мың ПТР сынама жиһазы, 100 мың дана Вирустық нуклеин қышқылының экстракторы мен консервантты тасымалдау сұйықтығы жолданатынын хабарлады.

Октай екі ел арасында Еркін сауда келісімінің жасалуы екі елге де пайдалы болатынын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар