Отандық вакцина салдыруға шақыру

Фахреттин Кожа коронавирусқа қарсы отандық вакцина Turkovac-ты қызметке беруге дайындалғандарын айтты.

1719164
Отандық вакцина салдыруға шақыру

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа коронавирусқа қарсы отандық вакцина Turkovac-ты қызметке беруге дайындалғандарын айтты.

Министр әлеуметтік желідегі есебінен жазба жариялап, отандық вакцинаның үшінші клиникалық зерттеу сатысы үшін ерікті болуға шақырды. «Бұдан бұрын екі доза салдырған, Ковидпен ауырмаған, 18-59 жас аралығындағы дені сау барша бізге көмектесе алады.  Үшінші доза вакцина таңдауы еркін. Кемінде үш мың азамат отандық вакцина Turkovac-ты таңдауына болады» деді ол.

Министр «Үшінші дозаны Turkovac салдырыңыз, отандық вакцина жаппай өндірісін бастасын» деп жазды.

Қайта вакциналау үшін Turkovac-ты таңдайтын азаматтар "enabiz.gov.tr" адресінен өтінім бере алады. Кеңірек мағлұматты 184 нөмірлі қоңырау желісінен алуға болады.

Вакцина қалалық ауруханаларға қоса 41 орталықта салынып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар