"Жасыл даму төңкерісін бастадық"

Президент Ердоған Адана мұражайында 81 қаладан келген жастармен кездесті.

1717611
"Жасыл даму төңкерісін бастадық"

Президент Режеп Тайып Ердоған жастарға қалдыратын ең маңызды мұра ретінде «2053 даму жоспарының» алғашқы мақсаты болып табылатын «жасыл даму төңкерісін» бастағандарын атап көрсетті. 

Президент Ердоған кеше Аданаға сапарының артынан Адана мұражайында 81 қаладан университеттерге оқуға түскен студенттермен өткізілген «Жастар кездесу» бағдарламасының бейне көріністерін жеке аккаунтынан бөлісті. 

Ердоған осында сөйлеген сөзінде өткен күндері Париж климат келісімін бекіткендерін еске салды. 

Бұл шешіммен жастарға қалдыратын ең маңызды мұра деп қабылдаған 2053 жылға дейінгі жоспарларының алғашқы мақсаты болып табылатын «жасыл даму төңкерісін» бастағандарын атап айтқан Ердоған «Барлық мәселелерде болғандай, біз жасыл даму төңкерісінде жастарымыздан үлкен қолдау аламыз. Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы кезінде Түркия өзінің денсаулық сақтау инфрақұрылымының арқасында басқа елдерден ерекшеленді, «жасыл даму төңкерісі» жобасында да климаттың өзгеру процесінде осындай жетістікке жетеміз деп сенемін. Алланың біз адамдарға аманат қылып тапсырған табиғатың теңгерімін сақтап, мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану арқылы дамуды жалғастырамыз» деді.  

Жастарға арнап «Ертең бұл 1500 жылдық өркениетті, 1000 жылдық отан күресінің тәуелсіздік туын сіздер қолға аласыздар» деген Ердоған «Жастарымыздан отандық технология бастамасы және «жасыл даму төңкерісі» арқылы алғашқы мақсаттарымыз белгіленген 2053 жылға дейінгі даму жоспары туралы ойлауларын қалаймын. Ұмытпаңыз, бәрі арманнан басталады. Кейін бұл арманға қадаммен жақындағаныңызды байқайтын боласыздар» деді. 

Президент Ердоған тек Түркияның ғана емес, бүкіл әлемнің климат өзгерісі қаупіне душар екенін атап, бұл тақырыпта айдың соңында Рим және Глазгода (Шотландия) саммиттер өтетінін мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар