Ердоған террормен күрестің жалғасатынын айтты

Президент сөзінде биыл көндіру жолымен 153 террор ұйымы мүшесі берілгенін білдірді.

1718050
Ердоған террормен күрестің жалғасатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядан Түркияға бағытталған террорлық лаңкестікке байланысты:

"Сириядан елімізге бағытталған террорлық шабуылдардың қайнары ерекшелігіндегі кейбір жерлер жөнінде шыдамымыз қалмады" деді.

Ердоған бас қала Анкарадағы Президенттік Кабинет жиналысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. 

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Евфрат қалқаны" операциясы аймағында полицияларымызға жасалған соңғы шабуыл және территориямызды нысанаға алған килігулер сабырымызды шайқалтты. Сириядан елімізге бағытталған террорлық шабуылдардың қайнары ерекшелігіндегі кейбір жерлер жөнінде шыдамымыз қалмады. Осы жерлерден туындаған қауіптерді сол жерлерде ықпалды болған күштермен бірге немесе өз мүмкіндіктерімізбен жоюға бел байладық" деп көрсетті.

Президент сөзінде биыл көндіру жолымен 153 террор ұйымы мүшесі берілгенін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдемесінде Түркияны инвестиция, өндіріс, экспорт, жұмыспен қамдау негізінде кіріс тепе-теңдігін арттыру арқылы дамытуды жалғастыратындарын білдірді.

Ердоған Қоршаған орта және қала министрлігінің аты Қоршаған орта, қала және Климат өзгерістері министрлігі деп өзгертілгенін мәлімдемеді.

Ердоған сонымен бірге Климат өзгерістері министрлігі мен Көші-қон басқармасының құрылатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар