«Явуз» бұрғылау кемесі Филйос портына ұласты

«Явуз» бұрғылау кемесі Қаратеңіздегі алғашқы қызметі алдында Филйос портына жетті.

1716346
«Явуз» бұрғылау кемесі Филйос портына ұласты

«Явуз» бұрғылау кемесі Қаратеңіздегі алғашқы қызметі алдында Зонгулдак қаласының Чайжума ауданына қарасты филйос портына жетті.

Қаратеңізде бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін кеше Стамбул Хайдарпаша портынан шыққан «Явуз» бұрғылау кемесі Филйос портына ұласты.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің Твиттер аккаунтынан Теңіз күштері қолбасшылығына тиесілі «TCG Тузла» атты патрульдік әскери кемесінің бұрғылау жұмысын жүргізу үшін Қаратеңізге бағытталған «Явуз» бұрғылау кемесін Босфор бұғазынан өткеннен бері қорғағаны атап көрсетілді.

Министрлік мәлімдемесінде «Явуз бұрғылау кемесінің желі мол болсын, бағыт бойынша жүзе берсін, қауіпсіз нысанасына жетсін!» делінді.

«Явуз» бұрғылау кемесі «Фатих» және «Кануни» бұрғылау кемелерінің бұрғылау және сынақ жұмыстары жалғасатын Қаратеңізде қызмет атқарады.



Ұқсас жаңалықтар