Түрік жұмысшылары Германияға үлкен үлес қосты

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер түрік жұмысшыларының Германияны байытқанын айтты.

1715511
Түрік жұмысшылары Германияға үлкен үлес қосты

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Германия мен Түркия арасындағы жұмысшы келісімінің 60 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада сөз сөйледі.  Германия түрік қоғамы тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға жұбайымен қатысқан Штайнмайер түрік жұмысшыларының елді байытқанын білдіріп, "Түрік жұмысшылары еңбекқорлықтары, береке-бірліктері және адамгершіліктерімен елімізге үлес қосты. Сондықтан шексіз алғыс айтамын" деді.

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер түрік жұмысшыларының әңгімелерін мектеп оқулықтарына енгізу керектігін баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар