Мармарис ауданында 77 босқын құтқарылды

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 77 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

1714685
Мармарис ауданында 77 босқын құтқарылды

Мугланың Мармарис ауданында  Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 77 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары аудан маңында үрлемелі қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 77 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Кемежайға әкелінген босқындар тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар