Грузия-Түркия-Әзербайжан Қорғаныс министрлерінің саммиті

Грузия-Түркия-Әзербайжан қорғаныс министрлері Грузияда бас қосты.

1715162
Грузия-Түркия-Әзербайжан Қорғаныс министрлерінің саммиті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Грузия Қорғаныс министрі Юаншер Бурчуладземен қорғаныс өнеркәсібі және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Хулуси Акар Грузияның Телави қаласында өткен Грузия-Түркия-Әзербайжан қорғаныс министрлерінің жиналысы алдында Бурчуладземен бас қосты.

Қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және қауіпсіздік саласында ынтымақтастық тақырыптарында ақпарат пен пікір алмасылған кездесуде Акар Түркия мен Грузияның географиялық, тарихи және мәдени байланыстары бар екі стратегиялық әріптес екені, әскери оқу және қорғаныс өнеркәсібі салаларында ынтымақтастықтың одан әрі жетілдіру қажеттігіне баса назар аударды.

Түркия, Әзербайжан және Грузияның қатысуымен жүзеге асырылған «Eternity - 2021 жаттығуының» сәттілікпен жалғасқаны, бірлескен жаттығулар мен тәжірибе алмасуды арттырудың маңыздылығы баса айтылған кездесуде Грузия-Түркия-Әзербайжан Қорғаныс министрлерінің келесі жылы жиналысты Түркияда өткізу туралы келісімге келгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар