"Түркия Сирияға кіруге құқылы"

Ибрахим Калын неміс Der Spiegel журналына сұхбат берді.

1713647
"Түркия Сирияға кіруге құқылы"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Ресей мен Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) «Сирияға кіруге еркіндік берілсе, онда Түркия да бірдей құқыққа ие» екенін атап көрсетті.

Неміс Der Spiegel журналына берген сұхбатында Калын АҚШ пен Түркияның террормен күрес саласында ынтымақтастық жасағанын, бірақ АҚШ-тың террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG-ге қолдау көрсетіп, Түркияның қажеттіліктерін кейде елемегенін және мұның қабылданбайтынын білдірді.

Ибрахим Калын АҚШ президенті Джо Байденнің YPG-нің Түркия тарапынан ұлттық бір қауіп ретінде қабылданғанын түсіне алмағанына назар аударды.

Калын Сирия тақырыбында еуропалықтардың шеттен қарамай, режимге көбірек қысым жасап, әлемнің сириялықтарға теріс қарамағанын көрсетуге тиісті екенін білдірді.

Кейбір Еуроодақ елдерінің Түркияны Сирия саясатына орай сынға алғаны туралы көзқарастарға жауап қайтарған Калын «Түрік сарбаздары Идлибте болмағанда 2,5 миллион адам бұл аймақтан қашатын еді. Батыстағы достарымыз бізді басқыншы күш деп есептейді. Сирия аумағына құмар емеспіз. Алайда өз қауіпсіздігіміз бен аймақтағы сириялықтардың қауіпсіздігі үшін бұл қадамды басуға мәжбүр болдық» деді.

Түркияның Сирияда халықаралық құқықты бұзғаны жөнінде айыптауларды да қабылдамағандарын білдірген Калын «Біз сол жерде өзін-өзі қорғауға құқылымыз. Ресей мен АҚШ-қа Сирияға кіруге еркіндік берілсе, онда Түркия да бірдей құқыққа ие» деді.

Ибрахим Калын Ауғанстанда Талибаннан кейінгі процесті бағалай отырып, Түркияның Кабул әуежайының қайта ашылуы үшін Ауғанстан әкімшілігіне қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Талибанның баршаға бірдей үкімет құруын күткендерін білдірген Калын жарияланған кабинеттің халықаралық қоғамның үмітін ақтамағанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар