Ирак және Ливиямен террорды қаржыландыруға қарсы ынтымақтастық

Президенттің осы тақырыптағы шешімдері Ресми газетте жарияланды.

1713735
Ирак және Ливиямен террорды қаржыландыруға қарсы ынтымақтастық

Түркия Ирак және Ливиямен «лас ақшаны жылыстату», терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте ынтымақтасады.

Президенттің осы тақырыптағы шешімдері Ресми газетте жарияланды.

Осыған қарағанда Түркия Қазына және қаржы министрлігі Қаржы қылмыстары тергеу кеңесі басқармасы, Түркия Қаржылық барлау басқармасы мен Ирак лас ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес басқармасы кеңсесі, Ирак қаржылық барлау бөлімі арасында «лас ақшаны жылыстату, байланысты қылмыстар мен қаржыландыруға қатысты құпия ақпарат алмасуда ынтымақтастық» жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум күшіне енді.

Түркия Қазына және қаржы министрлігі Қаржы қылмыстары тергеу кеңесі басқармасы мен Ливия Орталық банкі, Ливия Қаржы ақпараттық бөлімі арасында да «лас ақшаны жылыстату, байланысты қылмыстар мен қаржыландыруға қатысты құпия ақпарат алмасуда ынтымақтастық» жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум күшіне енді.



Ұқсас жаңалықтар