Ердоғанның Путинмен кездесуі басталды

Президент Ердоған алдымен Тель-Рифат және Манбиджтегі бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға назар аударады.

1712248
Ердоғанның Путинмен кездесуі басталды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі Ресейдің Сочи қаласында басталды. 

Кездесудің басты күн тәртібі Сирия болады.

Президент Ердоған алдымен Тель-Рифат және Манбиджтегі бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға назар аударады. Астана келісімдеріне сай террордың жойылуына тоқталады.

Ердоған Ресейдің бақылауындағы аймақтардан соңғы кездерде Түркияға бағытталған шабуылдардан мазасыз болғанын жеткізіп, шабуылдардың тоқтатылуын талап етеді.

Кездесу барысында екі лидер Идлиб және Сириядан келетін жаңа босқын толқын қаупін, Ливия мен Ауғанстандағы оқиғаларды, аймақтық және халықаралық мәселелерді қолға алады. Кездесуде сонымен қатар Түркия-Ресей қарым-қатынастары талқыланады.

Президент Ердоғанның Сочи сапарына Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Хакан Фидан, Президентік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да серік болды.



Ұқсас жаңалықтар