Хулуси Акар "Ирак Қорғаныс министрімен кездесудеміз" деді

Министр Акар "Ортақ орталық құру тақырыбы қамтылған бірқатар мәселелер жөнінде Ирак Қорғаныс министрімен кездесудеміз" деді.

1711584
Хулуси Акар "Ирак Қорғаныс министрімен кездесудеміз" деді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар бөлшектеуші террор ұйымы  PKK-ға қарсы ортақ операция жасауы мүмкіндігін айтты. Министр Акар "Ортақ орталық құру тақырыбы қамтылған бірқатар мәселелер жөнінде Ирак Қорғаныс министрімен кездесудеміз" деді.

Хулуси Акар кеше өткен Кабинет жиналысынан кейін журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Түркияның Ирак және Сирия қатарлы барлық көршілес елдердің шекара қауіпсіздігіне, егемендік құқықтарына құрмет көрсеткенін түсіндірген Акар бір журналисттің "Террор ұйымына қарсы Иракпен бірге операция жасау жоспарыңыз бар ма?" деген сұраққа "Біз Ирак Қорғаныс министрімен сөйлесіп жатырмыз" деп жауап берді.

"Кездесу барысында Иракта шоғырланған террористтердің ұлтымызға апат әкелгенін, мемлекет ретінде ұлтымызды осы апаттан құтқару үшін табанды екенімізді, мақсатымыздың террористтерді жою болғанын ашық түрде айттық" деген министр Акар "Бірге не істеуімізге болады және ортақ орталық құру тақырыбы қамтылған бірқатар мәселелер жөнінде кездесудеміз" деген сөздер қолданды. 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар