Ердоған климат өзгерісінің маңызына тоқталды

Ердоған: "Түркия Климат өзгерістері сияқты маңызды мәселеде бастамашы рол атқарады" деді.

1711233
Ердоған климат өзгерісінің маңызына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның климат өзгерістері сияқты маңызды мәселеде бастамашы рол атқаратынын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған  Президенттік аппараттың Кабинет жиналысынан кейін ұйымдастырған баспасөз жиналысында жасыл өркендеу төңкерісінің нәтижесі болған климат тақырыбында жаңа да тарихи қадам басқан Түркияның Париж Климат келісімін қабылдаған елдер арасында екенін білдірді.

Соңғы кезеңдегі оқиғалар және Түркияға берілген кепілдіктермен келесі ай аталмыш келісімді қабылдауға шешім жасағандарын айтқан Ердоған:

"Қараша айында Глазгода өтетін Климат өзгерістері саммитіне дейін мақұлдау процесі аяқталады" деді.

Түркияның Еуропа Одағы жасыл келісіміне үйлесу үшін қажетті әрекет жоспарын дайындап, аталмыш тақырыпта маңызды бір қадам басқанын ескерткен Ердоған:

"Орта және ұзақ мерзімдік толық өркендеу бағдарламамызды жасыл өркендеу төңкерісі қажет еткен құрылымдық қайта құрудың жетекшілігінде дайындаймыз және атқарамыз" деп көрсетті.

Ердоған:

"Бұл талғам біз үшін салтанат және шығын емес, керісінше бүгіннен болашаққа дайындалудың жол картасы болады. Климат өзгерістері шындық болғандықтан Түркия осындай маңызды мәселеде бастамашы рол атқара алады" деді.  



Ұқсас жаңалықтар