Ердоған сот жеребе рәсіміне қатысты

Ердоған сот жүйесіне реформа жасауды жалғастырғандарын айтты.

1711205
Ердоған сот жеребе рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Әділет жүйесінің жұмысын күшейтіп, сотқа және шешімдеріне сенімді бекемдеу алдағы кезеңдегі басты жұмысымыз болады" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Бештепе Ұлттық конгресс және Мәдениет орталығында 24-ші кезекті Әділет Соты судьялары мен прокурорлардың жеребе тарту рәсіміне қатысты.

Ердоған сөзінде:

"2002 жылдан бері елімізде әділет орнату, адам құқығы мен демократияның мәртебесін жоғарлату үшін реформа жасау жігерімізді жандандырдық" деді.

"Түркияның әділет пен өркендеу табысының сыры елдің ұлтымен бірге жолға шығуы, жолда өзін жаңалап отыруы" деген Ердоған:

"Әділет жүйесінің жұмысын күшейтіп, сотқа және шешімдеріне сенімді бекемдеу алдағы кезеңдегі басты жұмысымыз болады" деп көрсетті.

Жақында уәлаяттарда бейбітшілік комиссияларын іске қосатындарын айтқан Ердоған:

"Осылайша соттың жұмыс ауыртпалығын жеңілдететін шешім жолын құқық жүйесіне әкелуді нысанаға алдық" деді.

Ердоған:

"Сот пен прокурор үміткерлеріне сенімі, орны, шығу тегі, жеке басы кім болғанына қарамай барлық азаматтарымыздың құқығын жоюға келісім бермеңіздер" деді. 



Ұқсас жаңалықтар