Азиз Санжар жастарға кеңес берді

Санжар TEKNOFEST фестивалі аясында жастармен бас қосты.

1711149
Азиз Санжар жастарға кеңес берді

Нобель сыйлығының лауреаты, түрік ғалым, Проф. Др. Азиз Санжар жастарға адамзатқа пайдалы болу үшін зерттеу жасауға кеңес берді.

Санжар 21-26 қыркүйек күндерінде Стамбул Ататүрік әуежайында өткен TEKNOFEST фестивалі аясында жастармен бас қосты.

Қатысушылар Түркия Ғылыми-технологиялық зерттеу мекемесі TÜBİTAK-тың «Проф. Др. Азиз Санжар жастармен кездеседі» деген бағдарламасына үлкен қызығушылық танытты. Санжар жастардың сұрақтарына шынайылықпен жауап берді.

Нобель туралы сұраққа Санжар: «Жолға Нобель аламын деп шықпаңдар. Жаңалық ашамын,  адам баласына, Түркияға пайдалу үшін үшін зерттеу жүргізіңдер.» деп жауап берді.

«Этика ғылыми зерттеулердің алдында кедергі емес пе?» деген сұраққа ғалым: «Биоэтика маңызды. «Мен жаңалық ашамын» деп жануарларды жәбірлеуге болмайды. Адамдарға да фашистер, Гитлер сынақ жасады. Адам үстіне сынақ жасауға болмайды.  Адамдардың еркіндігі, адамның құны бәрінен жоғары» деп жауап қайтарды.

Азиз Санжар 2015 жылы Химия бойынша Нобель сыйлығын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар