Сирияда 2 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігінде PKK/YPG-лік 2 террорист залалсыздандырылды.

1709099
Сирияда 2 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) опасыз мақсаттары үшін шабуыл жоспарлаған террористерді залалсыздандыру үшін түрік әскерінің күресін жалғастыратынын мәлімдеді.

Мәлімдемеде біреуі Сирияның «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағында, екіншісі «Евфрат қалқаны» аймағында шабуылға дайындалып жатқан PKK/YPG-лік 2 террористің залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.

Басқа жағынан Хатайдың Рейханлы ауданындағы шекара жасақтары Сириядан заңсыз жолмен Түркияға өтпек болған 3 ДАИШ мүшесін ұстады.

Ұлттық қорғаныс министрлігі шекара әскерлерінің Сириядан Түркияға заңсыз кіруге тырысқан 3 адамды ұстағанын және ДАИШ террор ұйымы мүшесі екендерінің анықталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар