"АҚШ ауған босқындар тақырыбында көп нәрсе істеуі керек"

Президент Ердоған CBS телеарнасына сұхбат берді.

1709320
"АҚШ ауған босқындар тақырыбында көп нәрсе істеуі керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының ауған босқындар тақырыбында одан да көп нәрсе істеуі керектігін білдірді.

«АҚШ 20 жыл бойы неге сол елде болды? Алдымен осы сұраққа жауап беруі керек» деді ол.

Президент Ердоған БҰҰ 76-шы Бас Ассамблея жиналысы үшін Нью-Йоркта жүріп, Американың CBS телеарнасына сұхбат берді.

Толық нұсқасы жексенбі күні жарияланатын сұхбаттың жарияланған бөлімінде Түркияның «босқын қоймасы» болмайтыны туралы сөздері еске салынған және ауған босқындардың жауапкершілігін АҚШ алуы керек пе? деп сұрақ сұралған Ердоған: «Қазір АҚШ осындай жауапкершіліктерін орындамады. Біздің елімізде тап қазір тіркелмеген 300 мыңнан астам ауған босқын бар.  Еліміздің ауған босқын қабылдауға күші жетпейді» деді.

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттарының босқындар тақырыбында одан да көп нәрсе істеуі керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар