Шентоп Еуроодақтың миграциялық саясатын сынға алды

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Испанияға ресми сапары алдында испандық ақпарат агенттігі EFE-ге сұхбат берді.

1707913
Шентоп Еуроодақтың миграциялық саясатын сынға алды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп «Еуроодақ (ЕО) уәделерін орындамаса және қажетті гуманитарлық бастамаларды қабылдамаса, көші-қон толқынының алды алынбайды. Түркия мигранттарды қабылдай алмайды. Әркім өз жауапкершілігін мойындау керек» деді.

Мұстафа Шентоп Испанияға ресми сапары алдында испандық ақпарат агенттігі EFE-ге берген сұхбатында ЕО-тың тек қаржылық көмекпен шеше алмайтынын және уәделер орындалмаса мигранттардың жаңа толқынының алдын алуға болмайтынын түсіну керектігін атап өтті.

ЕО-тың миграциялық саясатын «жауапсыз, қисынсыз және заңға қайшы» деп бағалаған Шентоп «Түркия басқа мигранттарды қабылдай алмайды. Әркім өз жауапкершілігін мойнына алу керек» деді.

«ЕО бір интеграциялық бағдарлама арқылы жеткілікті мөлшерде мигрант қабылдау керек. Алайда ол өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамайды» деп сын жасаған Шентоп ЕО-тың мигранттар мәселесін қаржыландырудан тыс шешуі тиіс деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар